Жолдау саяси реформалардың жаңа бағытына жол ашты - депутат

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы ел ішінде саяси реформалардың жаңа бағытына жол ашты. Алматы облыстық мәслихат депутаты Досан Каримов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Саяси реформалар ел ішінде тек саяси бағыттағы жұмыстарға емес, әлеуметтік-экономикалық дамуға өз серпінін береді. Президенттің Жолдаудағы бастамалары ол бір күнде әзірленген жұмыс емес, барлық талдау сараптаулардан өтіп, қоғам талабына сай жасалып отыр және алдағы уақытта өз нәтижесін беруі тиіс«,- дейді Досан Каримов.

Оның пікірінше, Жолдауда ерекше тоқталып отыратын негізгі ерекшелік – жергілікті өзін-өзі басқару институтының күшейтілуі, депутаттардың жұмысына тиісті бағыт-бағдар беру. Депутаттар сайлауалды бағдарламаларды орындамаған жағдайда депутаттық мандаттан шығару туралы Жолдауда көтерілген бастама өте орынды, себебі депутат болу абырой емес, ел қамы үшін атқарылатын жұмыс. Жалынды сөздерден гөрі нақты іспен көрсететін заманда біз халық үніне құлақ асып, мәселелерін тиісті органға жеткізіп, оның шешілу кезеңіне дейін жұмыс істеуіміз өте маңызды және осы арқылы жұмысымыздың нәтижесін көре аламыз.

« Қорытындылай келсем, Жолдаудағы бастамалар Жаңа Қазақстанды құру жолындағы батыл шешім деп айтуға толық негіз бар және «бәріміз біріміз үшін-біріміз бәріміз үшін» деген қағидатпен бұл игі жұмыстарды бірге іске асыруға шақырамын»,- дейді ол.


Соңғы жаңалықтар