+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Жолдау: «Самұрық-Қазына» 1,3 триллион теңгенің 18 инвестициялық жобасын жүзеге асырды

2021 жылғы 14 мамыр 14:39
Бөлісіңіз:
Жолдау: «Самұрық-Қазына» 1,3 триллион теңгенің 18 инвестициялық жобасын жүзеге асырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған инвестиция тарту туралы тапсырманың қалай орындалғаны туралы желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Берік Уәли 2020 жылғы 1 қыркүйекте жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауына айтылған міндеттен үзінді келтірді.

«Әлемде қалыптасқан жаңа ахуалда елге инвестиция тартып, отандық тауарлар мен қызметтерді экспортқа шығару Үкімет үшін ерекше басымдыққа ие болып отыр», делінген Президент Жолдауында.

Аталмыш тапсырма бойынша «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» акционерлік қоғамы құны 1,3 триллион теңге болатын 18 инвестициялық жобаны жүзеге асырып, 13 мыңнан астам жұмыс орны ашылған.

«Атап айтқанда:

- Қостанай облысының елді мекендерін газдандыруды кеңейту;

- Қуаты 500 кВ болатын Шүлбі су электр станциясы – Ақтоғай – Талдықорған – Алма желісінің құрылысы;

- Атырау мұнай өңдеу зауытындағы мұнайды жоғары деңгейде қайта өңдеу кешенін салу;

- Тараз қаласында газ тарату желілерін жаңғырту;

- Маңғыстау облысында газ тарату желілерін жаңғырту, реконструкциялау және салу;

- Шардара су электр станциясын жаңғырту;

- Прорва кен орындары тобының ілеспе мұнай газын күкіртсіздендіру қондырғысын салу;

- «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральды газ құбырында 4 компрессорлық станция салу», делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT