Жолдау міндеттері: Орталық-Оңтүстік дәлізін қайта жөндеу 2022 жылға қарай аяқталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық-Оңтүстік дәлізін қайта жөндеу жұмыстары 2022 жылға қарай аяқталады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс және Орталық-Батыс дәліздерін жөндеу сәулелік принцип бойынша жүзеге асырылуда. Орталық-Оңтүстік дәлізін қайта жөндеуі туралы айтар болсам, 1291 шақырымдық жолдың құрылысы 2013 жылы басталып кеткен болатын. Дәліз толығымен алғашқы техникалық категорияға өтеді. 2013-2017 жылдар аралығында Астана-Теміртау (171 шақырым) және Алматы-Қапшағай (104 шақырым) учаскелерінде қозғалыс ашылды. Осы жылы Теміртау-Қарағанды (14 шақырым), Карағандыны айналып өту (47 шақырым) және Күрті-Бурылбайтал (228 шақырым) учаскесі ашылады. Сонымен қатар, осы айда Балқаш - Бурылбайтал жолын реконструкциялау бойынша келісім бекіту көзделген. 2019 жылдан бастап Қарағанды - Балқаш (363 шақырым) және Күрті - Қапшағай (67 шақырым) учаскелерін қайта жөндеу басталады. Жалпы, жобаны аяқтау 2022 жылға жоспарланып отыр», - дейді Роман Скляр.

Вице-министрдің айтуынша, ұзындығы 905 шақырым болатын Орталық-Шығыс дәлізі бойынша бүгінгі таңда Астана-Павлодар (200 шақырым) және Павлодар-Семей-Қалбатау (204 шақырым) учаскелерінде қозғалыс ашылып қойған. Осы жылы 500 шақырымда жұмыстар жүргізілуде. Оның 239 шақырымы биыл аяқталса, қалғаны 2019 жылы қолданысқа берілетін болады. Сонымен бірге, аталған дәлізде Астанадан Павлодарға дейін жаңа жабын бойынша жолды ашу көзделген. 2016 жылы Ертіс үстімен салынған көпір пайдалануға берілді. Ол қазіргі уақытта Орталық Азиядағы ең үлкен көпір болып отыр.

Орталық-Батыс дәлізі болса, Астана - Арқалық - Торғай - Ырғыз - Қандыағаш, Ақтөбе - Атырау - Астрахан және Атырау - Бейнеу - Ақтау бағдарларын қосады. Қазіргі таңда Атырау - Бейнеу - Ақтау бағдары (798 шақырым) толығымен қайта жөнделген. Қандыағаш - Мақат (299 шақырым) бағытында құрылыс-монтаждау жұмысы жалғасуда. Астана - Арқалық - Торғай - Ырғыз учаскесі бойынша жобалық-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Нақтырақ айтқанда, аталған дәлізде бойынша жобалық-сметалық құжатты аяқтап, 2020 жылы құрылысты бастау көзделген.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы 5 қазандағы Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатыны өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламаларын 2025 жылға дейін ұзартуды тапсырған болатын.

Сондай-ақ атқарылатын жұмыстар нәтижесінде 2020 жылға дейін қосымша 4 600 шақырым жол салынып, жөнделетінін атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар