Жолдау міндеттері: Өмірдің ұзаруына медициналық қызмет сапасы ықпалын тигізеді - сенатор

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы міндеттерді халыққа түсіндіру мақсатында Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дәурен Әділбеков Көкшетау қалалық емханасының ұжымымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Кездесуде сенатор Жолдауда белгіленген міндеттер мен еліміздің даму бағдары жайында жан-жақты айтып берді.

Қазіргі күні қазақстандықтардың саны 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа жеткен.

«Адамдардың өмір сүру жасының ұзаруына медициналық қызмет сапасының артуы игі ықпалын тигізіп отырғаны анық», дейді сенатор Дәурен Әділбеков.

Жолдауда денсаулық сақтау саласын дамытуға жете көңіл бөлініп отыр. Алдағы уақытта білім және денсаулық сақтау салаларына бөлінетін қаржы жалпы ішкі өнімнің 10 пайызын құрайтын болады. Мұның өзі денсаулық сақтау саласын заман талабына сай қайта құруға оң әсерін тигізбек.

Сонымен бірге, Жолдауда жаңа жылдан бастап ең төменгі жалақы көлемі 1,5 есеге өспек. Осыған орай, медицина қызметкерлерінің де еңбекақы көлемі өсетін болады.

null 

Сенатор Жолдауда қамтылған міндеттерді орындауға барша қазақстандықтар белсене атсалысуы қажеттігін айта келе, еліміздің дамуына елеулі әсер ететін бұл міндеттерді жүзеге асыру болашақтағы әлемнің озық 30 елінің санатына қосылу жөніндегі перспективалық мақсатқа қол жеткізуге игі ықпалын тигізетіндігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар