Жолдау Қазақстанның тұрақтылығы мен жүйелілігін көрсетеді - әзербайжан сарапшысы

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы үлкен өңір геосаясатындағы басты трендтердің өзіндік индикаторына айналған. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне сұхбат берген «BakuNetwork» сарапшылар кеңесі директорының орынбасары Гюльнара Мамедзаде осылай деді.

«Қазақстанның Мемлекет басшысына қарап өңірдің күн тәртібі белгіленеді. Нұрсұлтан Назарбаев әлемге жолдайтын үндеулерге байланысты Үлкен Еуразия өңіріндегі белгілі бір тенденциялар анықталады. Оның үстіне, Сирия дағдарысын реттеу жөніндегі Астана келіссөздері Қазақстан халықаралық деңгейдегі модераторға айналғанын да көрсетті», - дейді Г. Мамедзаде. 

Сарапшының айтуынша, соңғы Жолдау Қазақстан Президентінің идеялық және практикалық жалғасы екендігін, ішкі және сыртқы саясат деңгейіндегі бағдарламалардың ізбасары екенін тілге тиек етті.

«Әрине, Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азияда көрші елдердің серіктестігі ерекше маңызды екендігін атап көрсетті. Орталық Азия секілді күрделі әрі маңызды өңірде қауіпсіздік, логистика, экология мәселелері тату көршілік қатынастарының негізі болып табылады», - деді ол.

«Жалпы, Жолдау мәтіні Қазақстанның мемлекеттік жүйесінің және оның лидерінің тұрақтылығы мен жүйелілігін көрсетеді», - деп түйді Г. Мамедзаде.

 

Фото: cdn2.trend.az

Соңғы жаңалықтар