Жолдау: Қарағанды облысында зауыт экспортқа шығарылатын мыс өндіріп жатыр

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында катодты мыс өндіретін зауыт жоғары тиімді технологияны пайдаланып жатыр. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр ҚазАқпараттың жолдаған ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

«Sary-Arka Copper Processing ЖШС - Қарағанды облысындағы жылдық қуаттылығы шамамен 9,5 мың тоннаны құрайтын ірі катодты мыс зауыты. Құрылыс құны 14 млрд теңгені құрайды. Sary-Arka Copper Processing ЖШС мысты үймелік сілтісіздендіру, ерітінді экстракциясы және электролиз жолымен өндіреді. Осы технологияны пайдалана отырып, кеннің минералды құрамына байланысты 99,99% жоғары сапалы катодты мысты алуға және процестің жоғары экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге болады», - деді Р. Скляр.

Вице-министр осы технология бойынша Қазақстан Республикасында бірнеше зауыт жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Өнімнің 100%-ы экспортталатын болады. Өндірілген өнімдер сым, шиналар, сым, катанкалар және көптеген басқа да бұйымдарды өндіруде қолданылады. Зауыт осы жылдың шілде айында іске қосылды.

Еске салайық, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2018 жылдың 5 қазанында жолдаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында экспортқа бағытталған индустриализацияның экономикалық саясаттың орталық элементі болуы тиіс екендігін атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар