01.09.2022 08:30 Президент Жолдаулары: Қандай тапсырмалар жүктелді, не орындалды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына кезекті Жолдауын жариялайтын болады. Бұл Қасым-Жомарт Кемелұлының Президент лауазымына кіріскеннен бергі 5-ші Жолдауы болмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.08.2022 21:01 Былтырғы Президент Жолдауынан кейін ел өмірінде қандай өзгерістер болды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялайды, оның негізгі бөлігі елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады. Жолдау қарсаңында Үкіметтің ресми сайты Мемлекет басшысының 2021 жылғы қыркүйек және 2022 жылғы наурыздағы Жолдауларының іске асырылуы қазақстандықтардың өміріне қалай әсер еткені туралы шолу дайындады.
23.08.2022 11:09 Өткен жылы Қазақстанда 138 млн түп ағаш отырғызылды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен жылы Қазақстанда 66 мың гектар алқапқа 138 млн түп ағаш отырғызылды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.06.2022 16:31 «Аңсаған сәби»: ЭКҰ арқылы бала сүйген ананың әңгімесі НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында ана мен бала денсаулығы мәселесін көтерді. Оның сөзінше, Қазақстандағы әрбір алтыншы отбасы балалы бола алмайды. Ал әлеуметтік сауалнамаға сүйенсек, қазақстандықтардың 20%-ға жуығы мұны ажырасудың басты себебі ретінде көрсеткен. Осыған байланысты ел Президенті үкіметке «Аңсаған сәби» бағдарламасын іске қосып, квота санын 7 мыңға, яғни 7 есеге арттыруды тапсырған болатын. Бүгінде бағдарлама қалай жүзеге асып жатыр, оған жүгінетін ата-ана нені білуі керек, қандай мәселеге басты назар аударуы тиіс, сонымен қоса дәрігерді қалай таңдау керек, репродуктивті орталықтардың мүмкіндіктері жөнінде ҚазАқпарат сарапшысының материалында.
01.06.2022 10:31 «Аңсаған сәби» бағдарламасы 2025 жылға дейін жалғасады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Аңсаған сәби» бағдарламасының арқасында 1307 отбасында көптен күткен 1560 бала дүниеге келді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.03.2022 19:00 Ауасы лас қалалар: Не істелді, не істелмек НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент лауазымына кіріскен сәттен бергі Қазақстан халқына әр Жолдауында экология мәселесіне айрықша назар аударып келеді.
27.02.2022 13:20 Кибербуллингпен күрес: балаларды қорғау, отандық және әлемдік тәжірибе НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаһанды жайлаған пандемия салдарынан білім беру саласы онлайн форматқа көшуге мәжбүр болды. Мектеп жасындағы балалар арасында интернет қолданушылардың саны артып, бұл мамандардың пайымынша, кибербуллингке ұшыраған жасөспірімдер қатарының көбеюіне әсер етті. Қазақстанда 2021 жылы 2020 жылғымен салыстырғанда кибербуллинг саны екі есеге өскен. Мәселен, 2020 жылы 70 мыңға жуық факті тіркелсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 140 мыңнан асқан.
11.02.2022 12:17 Сенаторлар сайланған ауыл әкімдерімен кездесті КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Сенаторлар - «Өңір» депутаттық тобының мүшелері Ерік Сұлтанов, Нұрлан Бекназаров, Сергей Ершов және Дүйсенғазы Мусин жергілікті мемлекеттік басқару мәселелерін қарау жөніндегі отырысқа дайындық аясында Ақмола облысында кеңес өткізді.
10.02.2022 18:17 Сенатор: Табысы төмен тұрғындардың жағдайын жақсарту – бүгінгі күннің басты міндеті НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік жағдайы нашарлап кеткен тұрғындардың жағдайын жақсарту – бүгінгі күннің басты міндеті болып отыр. Бұл туралы сенатор Динар Нөкетаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.12.2021 17:00 2021 жыл қазақстандықтардың есінде қандай өзгерістермен қалды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өтіп бара жатқан жыл өзгерістерге толы болды. Олардың ішінде жағымдысының салмағы басым. «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінң аналитикалық бөлімі жылдың ең ауқымды және есте қалар өзгерістеріне шолу ұсынады.
09.12.2021 11:21 Қаржыландырудың жаңа моделі сот жүйесінің тәуелсіздігін арттырады - Сенат төрағасы НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев сот жүйесін жетілдіру мен дауларды соттан тыс реттеуге қатысты қабылданған заңдарға пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.12.2021 19:06 Отырғызылған көшеттердің қанша пайызы жерсініп кетеді: Министрлік жауабы НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел аумағында жыл сайын көктем мен күзде ағаш отырғызу акциясы қарқынды жүріп келеді. Осы орайда сол отырғызылған ағаш түптерінің қанша пайызы жерсініп, нәтижесін беріп жатыр? Бұл сұраққа ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.12.2021 18:14 Биыл Қазақстанда заңсыз ағаш кесудің 100-ден астам фактісі анықталды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл елімізде орман ағашын заңсыз кесудің 111 фактісі тіркелді. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ерлан Құтпанбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.12.2021 21:00 Министрлік зейнетақы жинағын депозитке аудару мүмкіндігін түсіндірді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірыңғай жинақтық зейнетақы қорындағы ең төмен жеткілікті шектен артылған қаржыны «Отбасы банктегі» депозитке аудару мүмкіндігі туралы тараған ақпараттың «арнайы шотқа» қатысы жоқ. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.11.2021 11:41 Аида Балаева Үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы рөлі туралы айтты НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Оныншы рет өтіп отырған Ахаматтық форум қоғам тарапынан айтылған идеялар мен бастамаларды мемлекеттік органдардың жұмыс жоспарына енгізетіндей қауқары бар институтқа айналды. Шараның ашылуында сөз сөйлеген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева осындай ой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.11.2021 18:30 Нұрлы жер: Алматы облысында 835 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үйлер туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09.11.2021 20:12 Елордада заманауи сервистік полиция бекеті қалай жұмыс істейді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында заманауи сервистік полиция қызметінің жұмысы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.11.2021 13:44 Сарапшылар өңірлердегі ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу барысын талқылады АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін, 3 қарашада Алматыда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің (бұдан әрі – ҰҚСК, Ұлттық кеңес) аясында сарапшылар Қазақстан өңірлерінде ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу барысын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
29.10.2021 13:24 Президент тапсырмасы: Мүмкіндігі шектеулі жандар жыл сайын өтетін комиссия процесі барынша жеңілдетілді АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Президент тапсырмасына сәйкес, бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша жағдай жасау үшін кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасындағы «Анығын айтқанда» бағдарламасында ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.10.2021 12:28 Президент тапсырмасы: БЖЗҚ қазақстандықтарға үй жағдайын жақсартуға 1,92 трлн теңге аударған НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға қатысты зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану жөніндегі тапсырмасымен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 470 122 өтінішті қарап, жалпы мөлшері 1,92 триллион теңге қаржы берген. Емделу ақысын төлеуге қатысты 53 821 өтініш қаралып, жалпы мөлшері 49,1 миллиард теңге аударылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.