Жолдардың сапасы бойынша қай өңір көш бастап тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылы Қазақстанда республикалық маңыздағы жолдардың 88%, жергілікті жолдардың 71% жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жеткізілді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2019 жылы еліміздің автожол саласында елеулі өзгеріс болды. Жалпы

Мәлім етілгендей, былтыр пайдаланудағы автожолдардың, жолдарды жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетіне қарасты «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Содан бергі 9 ай ішінде Орталық мамандары автожолдарды 8 мың рет тексеріп, 5 мыңға тарта заң бұзушылықты анықтаған. Құрылыс материалдарының 12 мыңнан астам сынамасы алынып, зерттелген.

«Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы жолдарында қалыңдығы мен тығыздығының жеткіліксіздігі, асфальт-бетон жабынының суға қанығу нормасының асып кетуі сияқты өрескел қателіктер анықталды. Нәтижесінде 700 млн теңге сомаға ескертулер жойылып, мердігер ұйымдар, жобалаушылар мен техникалық қадағалау қызметтері әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген министрлік мәліметінде.

Өңірлер арасында жақсы жол жабыны бойынша Маңғыстау облысы көш басында. Онда жолдардың 93% жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Ал соңғы орында жолдарының 31% ғана жақсы көрсеткшке ие Батыс Қазақстан облысы тұр. Республикалық жолдарының жағдайы 100% жеткен өңірлер де бар, олар – Қызылорда және Түркістан облыстары. Атырау облысында республикалық жолдар сапасы бүгінгі таңда 66% шамасында. Бұл - өңірлер арасында ең төменгі параметр.

«Сондай-ақ жол бойындағы қызметтер жақсы және қолайлы болмай, жол желісі де сапалы болмайды. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұған ерекше көңіл бөліп отыр. Қазір республикалық жолдар бойында 1803 қызмет көрсету нысаны жұмыс істесе, олардың 883-і немесе 49% ғана Ұлттық стандарт талаптарына сай келеді. Әкімдіктердің белсенді қызметі нәтижесінде Атырау, Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстары жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Бұл өңірлерде жол бойы қызметінің сапасы 50% асады. Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында керісінше ол 40% жетпейді.

Жуырда қабылданған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы сапалы көлік инфрақұрылымын құруға бағытталған. Ол халық үшін ыңғайлы және қолжетімді болып, еңбек өнімділігі мен өмір сапасын арттырады. Нәтижесінде республикалық жолдардың 100%, облыстық және аудандық жолдардың 95% жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізілуі тиіс», - деді министрліктен.



Соңғы жаңалықтар