Жолдарды су тасқынынан қорғау үшін қандай жұмыстар істеліп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары мен темір жолдарды су тасқынынан қорғау үшін нақты шаралар қабылданып жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын су тасқыны кезеңіне дайындау мақсатында Іс-шаралар жоспары бекітілді. Орталық және өңірлік деңгейде Автомобиль жолдары комитетінің, «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының, «Қазақавтожол» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдерінен, сондай-ақ олардың облыстық филиалдарының өкілдерінен су тасқынының алдын алу жөнінде комиссиялар құрылды. 10 ақпаннан бастап тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды және күн сайын жолдар мен жол құрылыстарын патрульдеу жүргізіліп, су тасқыны қаупі бар учаскелер мен көпірлер бақылауға алынатын болады. Мұндай учаскелерге қажетті жол техникасы бекітіледі",- деді ол.

Министрдің айтуынша, су тасқыны кезеңіне уақтылы дайындықты ұйымдастыру үшін бекітілген Іс-шаралар жоспарына сәйкес қажетті жанар-жағар май, жол материалдары және темірбетонды конструкциялар қоры құрылып жатыр. Су тасқынына қарсы шараларды атқару кезінде өңірлердегі климаттық жағдайлар, сонымен қатар өткен жылдардағы су тасқыны кезеңі қорытындылары ескеріледі.

"Темір жолдарды және жасанды құрылымдарды су тасқыны кезеңіне уақтылы дайындау мақсатында, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының бұйрығы бекітілуде. Пойыздар үздіксіз және қауіпсіз жүру үшін 1 наурызға дейін оңтүстік өңірде, 15 наурызға дейін батыс және шығыс өңірлерде, ал 1 сәуірге дейін солтүстік аймақта қажетті материалдар мен конструкциялар тиелген 42 арнайы пойыз дайындалатын болады", - деді Ж.Қасымбек.

Сонымен қатар ол жолдар мен жасанды құрылғылардың қауіпсіздігін және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін техникалық шаралар әзірленетіндігін және қауіпті жерлердің тізімі жасалып жатқанын айтты.

"Аумақтық ұйымдармен бірлесіп су қоймаларының, агротехникалық бөгеттердің жай-күйін тексеру, сондай-ақ күрделі жағдай туындаған кезде облыстық төтенше жағдайлар бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау жұмыстары жүргізілуде. Су тасқыны қаупі кезеңінің басталуына дейін көпірлердің, құбырлардың су жүретін жолдарын тазарту жұмыстары жоспарланған. Жоғарыда көрсетілген іс-шаралар бойынша жұмыстар арнайы бақылауға алынды және уақытылы орындалып жатыр",- деді министр.

Соңғы жаңалықтар