Жолдағы көліктердің шамдары күндіз-түні қосылып тұрғанда жол апатын 20 пайызға төмендетуге болады - ҚР ІІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жолда көліктердің шамдары күндіз-түні қосылып тұрса, жол апаты 20 пайызға төмендейді. Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы Қайсар Сұлтанбаев мәлім етті.

«Жолда жүру заңнамасының жобасын даярлау кезінде біз дүние жүзінде болып жатқан жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін арнайы зерттедік. Қазақстан бүгінде жол қозғалысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында халықаралық конвенцияны ратификациялап отыр. Осыған байланысты зерттеулер бойынша көлікпен жүру кезінде күндіз де және түнде де шамдарын жағып жүрген елдерде жол апаттары 20 пайызға дейін төмендегенін ескердік. Сол себептен біз осы норманы қолданысқа енгізуді жөн көрдік», - деді Қ.Сұлтанбаев. Бұл тұрғыда ол аталмыш норма азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізетіндігін, ЖКО-лар саны азаятындығын атап өтті. Шамдарын жақпай жүрген жүргізушілерге 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Естеріңізге сала кетейік, жаңа жол жүру қағидасында сәйкес, жолдағы (қалада, елді мекендерде, жол үстінде) көліктердің барлығы күндіз- түні шамдарын жағып жүруі тиіс.

Соңғы жаңалықтар