+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Жолда қалған жолаушылар құтқарылды

2019 жылғы 16 қаңтар 11:05
Бөлісіңіз:
Жолда қалған жолаушылар құтқарылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында автобус бұзылып жолда қалған 22 жолаушы құтқарылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресми өкілдің айтуынша, бүгінгі таңғы сағат 6-да Алматы облыстық ТЖД Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметінің мамандары «Алматы-Өскемен» автомобиль жолының 464-ші шақырымында бұзылған автобусқа көмекке барған.

null «Бұзылған автобустан 22 адам, оның ішінді 1 бала Сарқанд қаласының автобус бекетіне жеткізілді. Жолаушылардың арасында зардап шеккендер жоқ, ешкім медициналық көмекке жүгінбеді. Автобус Ақжар-Алматы бағытында қатынамақ болған», - деді Н.Нұрахметов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT