Жолда қалған Тәжікстанның - 43, Ресейдің 4 азаматы құтқарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодар облысында екі жолаушылар автобусы бұзылып, Ресей мен Тәжікстан азаматтары далада қалды. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«20 қараша күні сағат 05.30-да »Павлодар-Қызылорда« автомобиль жолының 200 шақырымында, Екібастұз қаласы маңындағы Бозшакөл ауылынан 6 шақырым жерде »Новокузнецк-Шымкент« бағытында қатынайтын »Setra« маркалы жолаушылар автобусы бұзылып қалды. Салонда 45 адам болды, оның 43-і - Тәжікстан азаматтары. Төтенше жағдайлар департаментінің, ТЖК-нің «Шідерті» жол бойындағы медициналық-құтқару пунктінің, жергілікті полиция қызметі мен жергілікті атқару органының қызметкерлері жолаушыларды Бозшакөл ауылының орта мектебіндегі жылыну пунктіне жеткізді. Жолаушылар медициналық көмекті қажет етпейді», - деп атап өтеді ведомстводан.

Сонымен қатар комитет мәліметінше, бүгін таңғы сағат 04.20-да Павлодар облысының Ақсу қаласына тақау жерде, «Павлодар-Қызылорда» автомобиль жолының 35 шақырымында «Қарағанды-Омбы» бағытында қатынайтын «Neoplan» маркалы жолаушылар автобусы да бұзылған.

«Автобус салонында 12 адам болған, оның ішінде төртеуі - Ресей азаматтары. ТЖД мен жергілікті атқару органының күшімен 11 жолаушы Ленинский елді мекеніндегі «Сытый Спутник» дәмханасына жеткізілді. Медициналық көмекті қажет еткен жоқ», - деді комитеттен.

Соңғы жаңалықтар