«Жолда қабылдау» акциясы: Екі күнде 16 мыңға тарта өтініш түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 17-18 мамырда өткен «Жолда қабылдау» акциясы кезінде ел азаматтарынан 16 мыңға тарта өтініш келіп түсті.

Тағы 7 мыңнан астам сауал әлеуметтік желіде өткізілген тікелей эфир барысында жолданды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлдайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Акция барысында 16 мыңға жуық өтінім келіп түсті. Азаматтар мәселелерінің 99 пайызы өз шешімін тапты. Сауалдардың басым бөлігі әкімшілік айыппұлдарға қатысты болды. «Жолда қабылдау» шарасының келесі кезеңін биылғы 14-15 маусымда өткізу жоспарланған» , - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңесбаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 17-18 мамыр күндері еліміздің түкпір-түкпірінде «Жолда қабылдау» акциясының кезекті кезеңі өтті.

Бұл - полицияның азаматтармен өзара байланыс жасауда жаңа модельдерінің бірі.

Айта кетейік, акцияның тек бірінші күні 8 мыңнан астам азамат «Жолда қабылдау» кеңесіне жүгінді.

Тағы 5,5 мың сұрақ әлеуметтік желі арқылы келіп түсті.

Сауалдардың көбісі жол ережесін бұзғаны үшін тіркелген айыппұлдарға, көші-қон заңнамасының орындалуына, жолдағы көлік қозғалысын ұйымдастыруға, автокөлікті тіркеуге, жүргізуші куәлігін беруге қатысты болды.

null

Соңғы жаңалықтар