Жолаушының смартфонын ұрлаған жолсерік ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысында жолаушының смартфонын ұрлаған жолсерік ұсталды. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Тобыл станциясындағы полиция бөлімшесіне Ақмола облысының 45 жастағы тұрғыны жүгінді. Ер адам «Нұр-Сұлтан – Орал» жолаушылар пойызында телефонын ұрлатып алғанын хабарлады. Ол ұйықтап жатқанда гаджетті жастықтың астынан суырып әкеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде көлік полициясы қызметкерлері аталған пойыз вагондарының бірінің жолсерігін ұстады. 26 жастағы жолсерік жолаушының мас жатқанын пайдаланып, қымбат маркалы ұялы телефонды ұрлап кеткені белгілі болды. Шығын шамамен 100 мың теңгені құрады», - деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.

Сақшылардың айтуына қарағанда, күдікті жолсерік алғашында іздестіру шараларына «белсенді көмек» көрсеткен.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында жәбірленуші жолсерікпен мәмілеге келіп, ұрланған телефонын қайтарып алды. Осылайша қылмыстық іс тоқтатылды. Ал жолсеріктің жұмыс берушісіне оны тәртіптік жауапкершілікке тарту және пойыз бригадаларының бастықтарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы ұсыныс жіберілді», - делінген департаменттің дерегінде.


Соңғы жаңалықтар