Жолаушылар валидаторсыз автобустарда жолақы төлеуі тиіс - Астана LRT

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жолаушының қолында Astra plat картасы бола тұра, ол валидаторсыз автобустарда жолақыны қолма-қол ақшамен төлеуге тиісті ме? Бұл сауалға «Астана LRT» түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана LRT» қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры Асқар Атагулиннің сөзіне қарағанда, кез келген жағдайда жолаушылар қоғамдық көлікте жолақы төлеуі тиіс.

«Кейбір автобустарда валидаторлардың жоқтығы  - Astrа plat картасын сатып алып, оған ақша салған жолаушылардың шаруасы еместігін түсінемін. Алайда басқа жағынан алып қарасақ, яғни Жолаушылар мен жүк тасымалдау ережесіне сәйкес,  жолаушылар түгел билетпен қамтамасыз етіліп, барлық жолақы төленуі тиіс», - деді ол.

Департамент басшысы сонымен қатар кодексте кондуктор жолаушыға билет беруге, ал жолаушы жолақысын төлеуге міндетті екені жазылғанын жеткізді.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін электронды төлем мүмкіндігі қарастырылмаған барлық ескі автобустар жаңасына ауыстырылады.

«Егер ескі автобустарға валидаторлар сатып алып, оларға лицензия  рәсімдесек, бұл өз кезегінде қаржыны желге ұшырғанмен бірдей. Себебі ескі автобустар жаңа жүйеде жүктелген қызметтерді атқара алмайды», - деді ол. 

Соңғы жаңалықтар