Жолаушылар тасымалына қажетті автобустарды сатып алуға берілген несие жеке мақсаттарда пайдаланылған

None
None
АСТАНА. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елордада жолаушылар тасымалына қажетті автобустарды сатып алуға берілген несие жеке мақсаттарда пайдаланылған.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана қаласында қалалық жолаушылар тасымалына қажетті автобустарды сатып аламын деген сылтаумен 117,5 млн.теңге мемлекеттік несие алған адамдардың қылмыстық іс-әрекетінің жолы кесілді. Алынған ақшалай қаражатты қылмыскерлер жеке мақсаттарына жұмсаған»,-деді ресми өкіл.

 Қылмыстың ұйымдастырушысы С. Рахимов 2 жылға бас бостандығынан айырылды, ал оның сыбайласы Н. Жүсіпов 1 жылға сотталды.

М. Жұманбайдың айтуынша, Алматыда С. Ли есімді азаматша кәсіпкерлікті дамыту қорынан пенобетоннан құрылыс материалдарын жасаймын деген желеумен 60 млн.теңге көлеміндегі мақсатты несиені алған. Алайда, несие қаражаты мақсатсыз пайдаланылған. Бұл азаматшаны 2 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылған.

Соңғы жаңалықтар