«Жолаушылар тасымалы» пойызда мүгедек болып қалған жолаушыға 1 млн төлейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Есіл ауданының соты «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ны пойыздағы оқиғадан кейін мүгедек болып қалған жолаушыға 1 млн теңге төлеуді міндеттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2016 жылы «Атырау-Маңғышлақ» бағытындағы пойызда келе жатқан азамат А. вагондардың арасымен өте бере, тамбурдың есігін жаппақ болған. Соққыдан тамбур есігінің терезесі ұсақтала сынып, олардың бірі жолаушының оң көзіне тиген. Алған жарақаты салдарынан азамат А. үшінші топтағы мүгедек болып қалды, оң көзі көрмейді», - делінген Астана қалалық сотының ресми сайтында.

Есіл аудандық сотының шешімімен «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушының пайдасына 1 млн теңге көлемінде моральдық шығынды өтеуге міндеттелді.

Үкім заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар