«Жолаушылар тасымалы» АҚ тарифтердің қымбаттауына қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік маңызы бар бағыттарға тарифтер қымбаттамаған. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бірқатар БАҚ-та 2019 жылы әлеуметтік маңызы бар тарифтердің көтерілгені туралы ақпаратқа байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабар таратады.

«Тарифтердің өсуі/кемуі туралы шешімді уәкілетті орган көрсетілген есептерге байланысты қабылдайды. Осыған орай, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифтер қымбаттамаған», - деді баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ арасында жасалған жолаушыларды тасымалдауға байланысты тасымалдаушының шығындарын ұзақмерзімді субсидиялау туралы келісімге сәйкес, әлеуметтік маңызы бар бағыттарға жолаушыларды тасымалдау қызметіне тарифтердің жыл сайын өсетіні қарастырылғанын атап өтті.

«Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 28-28-9/2920 хатына сәйкес, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ны құру үшін 2019 жылғы 21 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар 28 бағыт бойынша тарифтерді 10%-ға өсіру келісілді. Жалпы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 39 бағыты мемлекеттік және жергілікті бюджеттен субсидиялауға жатады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар