«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 100 қызметкері жұмыстан неге қуылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында басшылар ауыстырылды. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның сервис жөніндегі департамент директоры Әлібек Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылдың тамыз айында «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасында стратегиялық келісімге қол қойылды. Аталған құжат аясында жобалық кеңсе құрылып, оның құрамына жемқорлыққа жол бермеу шараларымен айналысатын мамандар енді. Осы жұмыстың арқасында бірлескен рейдтер жүргізілуде. Жолаушыларды билетсіз өткізу ақпараты болса, біз қатаң шараларды қабылдап, еңбек шартын бұзамыз. Өткен жылғы 10 сәуірден қазіргі уақытқа дейін 101 адам біздің қызметтен шеттетілді. Сонымен бірге, ондағы 17 пойыз басшысы мен 80-нен астам жолсерікте еңбек өтілі айтарлықтай жоғары болған. Мұнымен қоса, бірқатар адамның лауазымын төмендетіп, елеулі кадрлық өзгерістер жасалды. Былтыр барлық өңірлік филиалдарда басшылар ауыстырылды, сервистік блокқа жауапты орынбасарлардың ротациясы жүргізілді», - деді Д. Нұрмағамбетов.

Оның сөзіне қарағанда, билеттерді алыпсатарлар мен билетсіз жүру проблемасы тереңде жатыр, яғни осымен күрес бірнеше жыл бойы жүргізіліп келеді. Бұл жағдай негізінен адами фактормен негізделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар