«Жолаушылар тасымалы» АҚ басқаруға германиялық менеджерлер шақыртылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Жолаушылар тасымалы» АҚ жаңа бас директорын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжановтың айтуынша, «Жолаушылар тасымалы» АҚ барлық құрылымындағы басқару құрамына Deutsche Bank компаниясының мамандары келді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ кадрлық өзгерістер болды. 2 қыркүйектен бастап, бас директор қызметіне неміс маманы Михаэль Кортюм кірісті», - деді Ж. Тайжанов ҚР ИИДМ өткен баспасөз мәслихатында.

«Мен 30 жылдан бері темір жол саласында жұмыс істеп келемін, сәйкес білімім бар. Құқықтану мамандығын меңгергенмін, жалпы басқару магистрімін. Темір жолдағы тәжірибеме келсек, жөндеу шеберханасында жұмыс істедім, локомотивтермен айналыстым, басқару мен ұйымдастыруда, ірі ұйымдар мен компанияларды басқаруда 20 жыл еңбек еттім. Пойыз, локомотив, жолсеріктер бригадасын басқарумен айналыстым. Клиентке бағдарланған қызметке көңіл бөлдім. Өткен жылы Германия мен шетелдегі жол салуды жоспарлауға қатыстым. Нақты басым тұстарым - ұйымдастыру мен экономикалық жағдайды реттеу», - деді Михаэль Кортюм.

Оның айтуынша, қазір теміржол саласындағы Жол картасы әзірленіп жатыр.

«Deutsche Bank тарапынан жаңа менеджменттің келуімен министрлік жаңа деңгейге шығуды көздеп отыр. Оған «Эйр Астана» компаниясы сынды мысал да жеткілікті. Бұл менеджмент нақты нәтижеге бағытталған алдыңғы қатарлы бизнес-модельді енгізуге мүмкіндік береді және жолаушылар тасымалының сапасына әсер етеді», - деді Жәнібек Тайжанов.



Соңғы жаңалықтар