+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

Жолаушылар пойызында вагон-ресторандар жұмыс істей бастайды

2020 жылғы 25 тамыз 15:41
Бөлісіңіз:
Жолаушылар пойызында вагон-ресторандар жұмыс істей бастайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде қалалар арасында қатынайтын жолаушылар пойызында вагон-мейрамхананың жұмыс істеуіне рұқсат беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабыловтың тиісті қаулысына сәйкес, жолаушылар пойызы құрамындағы вагон-мейрамхана жолаушылардың алдын ала тапсырысы бойынша жеткізіп беру қызметін көрсетеді және әлеуметтік арақашықтық сақтай отырып, тамақтану залында 50 пайыз ғана жүктемемен жұмысын бастайды.

«Бұл ретте қоғамдық тамақтану қызметкерлері маска тағып, қолғап киюі тиіс. Жұмысқа кірісер алдында ауру белгілерін анықтау үшін дене қызуын өлшетіп, тексеруден өтуі қажет. Нысанда санитарлық-залалсыздандыру режимі, дайын тамақты тапсырыс берушіге оралған күйде жеткізу талаптары міндетті түрде сақталуы керек. Бұған қоса, кемінде 1 метр әлеуметтік арақашықтық және маска режимі сақталған кезде жолаушылар вагондар арасында еркін жүріп, вагон-мейрамханаға бара алады», - деді Сәдуақас Байғабылов.

Айта кетейік, COVID-19 бойынша қалған шектеу талаптары күшінде қалады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT