Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.11 EUR 424.21
RUB 5.91 CNY 56.19
Jańalyqtar

Жолаушылар пойыздың кешігуін SMS-хабарлама арқылы білетін болады

2018 жылғы 6 желтоқсан 16:11 644
Бөлісіңіз:
Жолаушылар пойыздың кешігуін SMS-хабарлама арқылы білетін болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жолаушылар пойыздың кешігуін SMS-хабарлама арқылы біліп отыратын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда электромобильдерге сұраныс жоқ - «Қазавтоөндіріс» басшысы Алматыда Hyundai автокөлігін шығаратын зауыт құрылысының іргетасы қаланды

««Қазіргі уақытта сервис деңгейін және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біріншіден әуе көлігіндегі тәжірибеге сәйкес, пойыздардың 3 сағаттан артық кешігуі кезінде жолаушыларды ол туралы хабардар ету жүйесі енгізілуде», деді ҚР ИДМ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі көлік комитетінің төрағасы Әсет Асавбаев.

Оның айтуынша, қызметті қолдану үшін жолаушылар вокзалдарындағы қызметке немесе www.bilet.ralways.kz сайтына жол жүру құжаттарын рәсімдеу кезінде ұялы телефонының нөмірін қалдыру қажет.

«Пойыз кешіккен жағдайда тасымалдаушының жедел бөлімшесі SMS-хабарлама арқылы хабарлайтын болады. Бұл қызмет тегін. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап толық іске қосылатын болады», - деді ол.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
MURAǴAT