Жолаушылар мен жүктің халықаралық автомобиль тасымалы мәселесі бойынша қазақстандық-италияндық бірлескен комиссиясының отырысы өтті

None
None
СТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат - Маусымның 8-9-ы күндері Астана қаласында жолаушылар мен жүктің халықаралық автомобиль тасымалы мәселесі бойынша қазақстандық-италияндық бірлескен комиссиясының отырысы өтті.

Бұл ақпаратты ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.

Комиссияның қазақстандық тарапын ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және жол қатынасы комитеті төрағасының орынбасары Қайриден Нұркенов, ал Италия тарапын Италияның Инфрақұрылым және көлік министрлігі халықаралық тасымал департаментінің директоры Марчелло Паолуччи басқарды. Тараптар соңғы жылдардағы қазақстандық және италияндық автотасымалдаушылар көмегімен тасымалданған экспортты-импортты жүктер көлемі және тасымал саны туралы ақпаратпен алмасты. Сонымен қатар екі ел арасында халықаралық автомобиль тасымалын одан әрі дамыту туралы ниеттерін қуаттады.

Сонымен қатар, Қазақстан тарабы Италия мен Қазақстан арасындағы жүк тасымалының негізгі көлемін үшінші елдер тасымалдаушылары іске асыратындығын атап өтті. Осыған орай тараптар келісім талаптарын сақтау мақсатында елдер арасында жүк тасымалына қадағалауды күшейтуге келісті.

Сонымен бірге, Қазақстан тарабы РФ, Беларус және Қазақстан арасындағы Кедендік одақтың құрылуы туралы хабарлады. Қазіргі уақытта Кедендік одақ аясында нормативті-құқықтық база жасақталуда. Егер қабылданатын нормативті-құқықтық актілер Қазақстан мен Италия арасындағы іске асырылатын тасымал мәселесіне қатысты болса, тараптар тиісті шаралар қолдану үшін ақпарат алмаспақ.

Талқыланған мәселелермен қатар Қазақстан тарабы қауіпті жүктерді тасымалдау мәселесі бойынша Италияның тәжірибесін зерттеуге мүдделілік танытты. Жиынға қатысушылар комиссияның келесі отырысын Италияда өткізуге келісті.

Соңғы жаңалықтар