Жолаушы тасымалдайтын вагондардың 22 пайызында ауа баптау жүйесі жоқ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жолаушы тасымалына қатысатын вагондардың 22 пайызында ауа баптау жүйесі жоқ. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының бас директоры Жәнібек Тайжанов БАҚ өкілдерімен өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауа баптағыштар туралы баяндамамда айтып кеттім. Шамамен 1600 вагон ауа баптау жүйесімен жабдықталған. Ауа баптау жүйесі жоқ вагондар үлесі - шамамен 22 пайыз. Оларды бәрібір қолданамыз. Бірақ мұндай ауа баптағышы жоқ вагондарды негізінен түнде жүретін пойыздарға жалғаймыз. Жолаушыларымыз қолайсыздық сезінбейді деп сенеміз», - деді компания басшысы.

Сондай-ақ, ол биыл тағы үш маршруттағы пойыздарда әйелдер вагоны пайда болатынын айтты.

Былтырдан бері елімізде 154 мың жолаушы әйелдерге арналған вагонда қатынаған.


Соңғы жаңалықтар