Жоламан ауылында нөсер салдарынан бірнеше көшені су басты - Алматы облысы

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Жоламан ауылында қатты жауын салдарынан бірнеше көшені су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылғы 15 тамызда шамамен сағат 14.30-да Алматы облысы Кербұлақ ауданы Жоламан ауылында нөсер жаңбыр жауып, салдарынан Жоламан ауылының шетіндегі бірнеше көшелер мен автожолдарды су басты.

Зардап шеккендер және қираулар жоқ. Қазіргі уақытта жаңбыр тоқтап, су деңгейі төмендеді, жағдай тұрақтанды.

Естеріңізге сала кетейік, 14 тамызда Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті 15-16 тамызда Алматы облысының тауларында және таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады деген болжамға байланысты өзендерде су деңгейінің көтерілуі және көлбеу ағындардың қалыптасуы күтіліп отырғаны туралы SMS-хабарлама, «Дәрмен» мобильді қосымшасы, әлеуметтік желілер, сондай-ақ БАҚ арқылы дауылды ескерту таратқан болатын.


Соңғы жаңалықтар