Жолақы төлеуден жалтарған 6 мыңға жуық астаналық айыппұл төледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қала ішінде бір тәулікте жолаушылар 600 мыңға жуық адам сапар жасайды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Жыл басынан Астанада жол жүру ақысын төлеуден жалтарған жолаушылардың жалпы саны 5806 адамды құрады», - деп мәлімдеді көлік компаниясының баспасөз қызметінен.

Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сəйкес, айыппұл сомасы 2 айлық есептік көрсеткішке тең, яғни - 4810 теңге.

Сонымен қатар, тәулігіне 600 мыңға жуық сапар жасалса, олардың 70 мыңнан астамы жеңілдікті санаттағы азаматтармен жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, қоғамдық көлік пайдаланушылары күніне 100 мыңнан астам тегін ауысымдарды жүзеге асырады. Елордада ересектер үшін қоғамдық көлікте жүру ақысы - 180 теңге, көлік картасымен - 90 теңге. Балалар үшін қолма-қол ақы - 90 теңге, Astra plat карточкасы бойынша - 40 теңге. 

Соңғы жаңалықтар