Жол жүру ережесі мектепте міндетті пән ретінде оқытыла ма

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың айтуынша, жыл басынан бері 25 бала көлік апатынан көз жұмған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балалар – жол қозғалысындағы ең осал санаттардың бірі. Әдетте, балалар ауыр жарақат алады, қайғылы аяқталады. Көбіне жол қозғалысы ережелерін білмеу немесе оларға немқұрайлы қарау салдарынан балалардың жол бойында ойнауы, көшені белгіленбеген жерден кесіп өтуі, көліктерге дұрыс мініп-түсуі және т.б. кездеседі. Мәселен, ағымдағы жылдың есепті кезеңінде жол-көлік оқиғаларынан 25 кәмелетке толмаған жасөспірім қаза тауып, 350-ден астамы әртүрлі дәрежедегі жарақат алды», - деді Ақтоты Боранова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сондай-ақ, ол жол жүру ережесін мектепте міндетті пән ретінде оқыту бастамасын Үкімет қолдағанын еске салды.

«Ішкі істер министрлігі Білім министрлігіне жол жүру ережесі бойынша сабақтарды мектеп бағдарламаларында жеке міндетті пән ретінде өткізу туралы ұсыныс жолдады. Біздің ұсыныстарымызды Үкімет қабылдады және мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді», - деді аға инспектор.


Соңғы жаңалықтар