+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Жол жағдайын бақылауға арналған қосымша 2020 жылы іске қосылады

2019 жылғы 13 қараша 14:50
Бөлісіңіз:
Жол жағдайын бақылауға арналған қосымша 2020 жылы іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арнайы әзірленген жол активтерін басқару жүйесі республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың жағдайын бақылап, жол бойында қызмет көрсететін нысандар, аялдамалар, елді мекендер мен мердігер ұйымдар туралы толық ақпарат беріп отырады. Бұл жөнінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысындағы  кейбір жол асулары қыс мезгілінде қауіпті Автожолдарда көктайғақты болдырмаудың жаңа тәсілдері енгізілмек СҚО әкімі жолдарды жөндеуге берілетін кепілдікті 5 жылға дейін ұзартуды ұсынды

«Жоғарыда аталған мәліметтердің барлығын Автомобиль жолдары комитеті ұлттық жол активтері сапа орталығы жинап отырады. Жүйеде бірінші кезекте ұзындығы 24 мың шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар автомобиль жолдары жөніндегі ақпарат қолжетімді болмақ. Бұдан кейін жергілікті жолдардың жағдайына қатысты мәліметтер енгізіледі» делінген хабарламада.

Жүйе техникалық тұрғыда келесі жылдың мамырында іске қосылады деп күтілуде. Ал пайдаланушылар оны 2020 жылдың 1 маусымынан бастап қолдана алады.

«Жол активтерін басқару жүйесі» қосымшасын Android және iOS платформасынан тегін жүктеп алуға болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT