Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Жол сапасы бойынша әкімдердің рейтингісі жасалады

2022 жылғы 17 мамыр 12:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жол сапасы бойынша әкімдердің рейтингісін жасау ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жолдардың сапасын қамтамасыз ету үшін мыңнан астам нормативтік-құқықтық акті қайта өңделуде және жолдардың сапасы бойынша әкімдердің рейтингісін анықтау жөніндегі әдістеме әзірленіп, қазіргі таңда келісу және бекіту рәсімі жүргізілуде», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында.

Сонымен бірге, «Көлік туралы» заң аясында орындалатын жұмыстардың сапасын бақылауды арттыру үшін келесідей түзетулер енгізіледі:

- кепілдік кезеңінде авторлық және техникалық қадағалаудың мердігерлік ұйымдармен тең дәрежеде ортақ жауапкершілігі;

- сапа орталығына көше-жол желісіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу бойынша өкілеттіктер беру.

Бұған дейін Индустрия министрі автожол саласындағы жобаларды іске асыруға биылғы бюджеттен 601 миллиард теңге бөлінгенін айтқан еді.

Ал 2025 жылға дейін республикалық жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесі 100 пайызға жетеді.


Автор:

Айжан Серікжанқызы

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары