Жол саласында жүрген мамандардың 90 пайызында арнайы білім жоқ

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында өткен жылы салынған 484 жолдан 618 ақау анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әсіресе аудандық жолдардан алынған сынамалардың 35 пайызы нормаға сай келмейтінін көрсеткен.

Мамандар бұл кемшіліктер тікелей жергілікті жол бөлімі қызметкерлеріне байланысты болғанын айтады.

Себебі, олардың басым көпшілігінің арнайы мамандығы сай келмейді. Мәселен, елімізде аталған салада 1 жарым мыңдай адам жұмыс істейді.

Соның 10 пайызында ғана тиісті диплом бар.

Яғни аудандардағы инфрақұрылымға жауап беретін мамандардың 90 пайызында жол құрылысына қатысты техникалық білімі мен кәсіби тәжірибесі жоқ.

Сондықтан «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» әр өңірдегі аудан, қалалардағы мамандарды оқытуды қолға алды.

Бүгін олар Шымкент қаласы мен Түркістан облысында семинар өткізді.

Орталықтың материалдық техникалық базасымен, зертхана жұмысымен таныстырды.

Жол салу жобаларының сапасын бақылап, диагностикалау және паспорттауды үйретті.


Соңғы жаңалықтар