Жол полициясы қызметкерлерінің пәтер жалдауына өтемақы төленуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 35 мың полиция қызметкері баспанаға мұқтаж. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде 35 мың полиция қызметкері баспанаға мұқтаж. Бүгінгі күні бұл санатта 5 мыңнан астам қызметкерге пәтер жалдауға қаражат бөліп отырмыз. Бірінші кезеңде жедел тергеу қызметтерін қамтамасыз еттік. Барлық тергеушілерді, жедел уәкілдерді, яғни, криминалдық полицияны, режімдік бөлімдерді қамтыдық. Оларға қазір өтемақы береміз. Бүгінде Үкіметпен пәтер жалдау төлемақысы тізіміне учаскелік және жол-шолғыншы қызметтерді қосу бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Ақша бөлінгеніне қарай басқа да қызметтерді біртіндеп аталған тізімге қосатын боламыз», - деді Қалмұханбет Қасымов.

Соңғы жаңалықтар