+7 (701) 759 90 19
USD 430.26 EUR 515.32
RUB 5.61 CNY 65.99
Jańalyqtar

Жол-патрульдік полиция рейд кезінде арнайы бұйрықты көрсетуге міндетті ме

2017 жылғы 7 қыркүйек 18:37
Бөлісіңіз:
Жол-патрульдік полиция рейд кезінде арнайы бұйрықты көрсетуге міндетті ме

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде Қазақстанда көлік жүргізушілерін себепсіз тоқтатуға заңмен тыйым салынған. Дегенмен, арнайы рейд аясында жол-патрульдік полиция қызметкерлері кез келген көлікті себепсіз тоқтата алады. Осындай жағдайда тәртіп сақшылары бұйрықтың көшірмесін көрсетуі тиіс пе? ҚазАқпарат тілшісіне сұxбат берген ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мұсақанов осы мәселені нақтылап берді.

"Негізі, алдымен, шұғыл профилактикалық шараның өткізілетіндігі туралы бұқаралық ақпарат құралдарына xабарлама берілуі тиіс. Алайда, көлік ұрлығына қатысты рейдтер туралы ақпарат алдын ала берілмейді. Біз ұрланған көлікке ұқсас барлық машиналарды тоқтатамыз. Мәселен, шұғыл мәліметте қызыл "Митсубиси Паджеро" деп көрсетілсе, оған ұқсас барлық көліктер тоқтатылады. Осы іспетті іздестіру шаралары кезінде жол-патрульдік полиция қызметкерлері арнайы құжатты көрсете алмайды. Біз де оларға таратып үлгермейміз", - дейді Талғат Шаймарданұлы.

Оның айтуынша, кез келген жағдайда "102"-ге қоңырау шалып, рейдтің бар-жоғын біліп алған артық етпейді. Себебі сақшы рейдке қатысты бұйрықтың көшірмесін ұстауға міндетті емес. "Сосын олар (жол-патрульдік полиция - авт.) басқа "ОПМ"-ды (шұғыл-профилактикалық шараны) айтады да, тоқтата береді. Ондай болмайды. Демек, арыз жазып, шағымдануға болады. Сонда біз ол қызметкерді жазалаймыз", - деп атап көрсетті комитет басшысының орынбасары.

Айта кетейік, бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында Талғат Шаймарданұлы ЭКСПО жабылатын күні жеке көлікпен жүрмеуге кеңес берді.

Сондай-ақ, ол көрме аумағында ерегісіп қалғаны екі сақшы жұмыстан қуылғанын жеткізді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT