Жол құрылысына пайдаланылатын отандық өнім үлесі қандай

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл 2 400 шақырым жол салынды. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында аталған бағдарламаның іске асырылуы жөнінде баяндаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік бағдарлама аясында 7 мың шақырым автожол салу және қайта жаңғырту, республикалық маңызы бар 10 мың шақырым автожолды жөндеу көзделген. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері республикалық маңызы бар автожолдардың құрылысына, қайта жаңғырту мен жөндеуге 1,1 трлн теңге бөлініп, игерілді»,-  деді ол.

Министрдің дерегінше, бөлінген қаражат есебінен республикалық маңызы бар 2,4 мың шақырым автожол салынып, қайта жаңғыртылды. 7,5 мың шақырым жол жөнделді. Батыс Еуропа - Батыс Қытай транзиттік дәлізі, Астана - Теміртау, Алматы - Қапшағай, Көкшетау - Петропавл учаскелері толығымен аяқталды. Павлодар облысында Ертіс өзені арқылы өтетін, Орталық Азиядағы ең ірі көпір өткелі салынды.

«Барлық нысандарда 100 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Жол құрылысына пайдаланылған отандық құрылыс материалдарының үлесі 95 пайызды құрады»,-  деді Жеңіс Қасымбек.

Соңғы жаңалықтар