Жол құрылысына 2010-2012 жылдары 9,3 млрд. доллар бөлу жоспарланып отыр - З. Сағынов

None
None
sp;АСТАНА. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Еліміздегі жалпы пайдаланылатын жолдарға 2010-2012 жылдары 9,3 миллиард  доллар бөлу жоспарланып отыр.

Бұл мәліметті бүгін елордадағы «Көрме» кешенінде өткен «Қазавтожол - 2009». Жабдықтар, құрылыс және жол кешенінің қызмет көрсету индустриясы» атты VI қазақстандық халықаралық көрмеде ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген ол 2004 жылдан бастап осы атаумен көрме өткізіліп келе жатқандығын және жол құрылысы индустриясын дамытуға негізделген санаулы көрмелердің бірі екендігін жеткізді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы жалпы пайдаланылатын жолдарды дамытудың негізгі мақсаты жол транзитінің әлеуетін арттыру, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сервистік қызмет көрсету деңгейін жақсарту болып табылатындығын атап өтті.

 «2010-2012 жылдары «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі жобасын жүзеге асыру үшін жол салу құрылысына пайдаланылатын материалдарға сұраныс бар. Атап айтқанда, 3 миллион тонна цемент, 600 мың тонна битум, 218 мың метр темір-бетон бұйымдары, 16 мыңнан астам дана жол белгілері қажет. Бұлардан басқа  аталған жобаны жүзеге асыруға 16 мыңнан астам жол құрылысы техникасы мен құрал-жабдықтар жұмылдырылады», деді З.Сағынов.

 Комитет төрағасының айтуынша, осы көрмеге қатысқан барлық компанияларға тиімді әріптестік шеңберінде  бірлесе жұмыс істеу үшін барлық мүмкіндіктер беріліп, бірлескен компаниялар құрылатын болады.

Соңғы жаңалықтар