Жол қозғалысы туралы жаңа ереже бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді - Қазақстан жұлдыздары

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан әншілері, киноиндустрия өкілдері жаңа жол қозғалысы ережесін талқылауға арналған жиынға қатысты.

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Полицейлер, әртістер, актерлер мен клипмейкерлердің кездесуі Алматыдағы әкімшілік полициясы ғимаратында өтті.

Қатысушылар жаңа заң жобасына қатысты автокресло және басқа да құрылғыларды енгізу тәртібіне қатысты ойларын білдірді.

«Біз осындай талаптарды жаңсақ түсінуден аулақ болуымыз керек. Бұл баламыздың қауіпсіздігі үшін керек», - деді әнші Жұбаныш Жексенұлы.

Әнші Саят Медеуов өз сөзінде Бауыржан Момышұлының сөзін келтіре кетті.

«Қай жерде заңға бағыну болса, сол жерде тәртіп болады. Кез келген ата-анаға баласының қауіпсізідгі бірінші кезекте екендігі рас. Сондықтан, жаңа талапты өз басым дұрыс деп қабылдадым», - деді Саят Медеуов.

Полиция қызметкерлері автокреслолар мен өзге де құрылғылардың маңызын айтып, ДСҰ-ның статистикалық деректерін келтіре кетті.

«Автокресло, балаларды орналастыру құрылғыларын пайдаланудың арқасында 71 пайыз жағдайда балалардың өмірін сақтап қалуға болады. Көптеген елдерде, мәселен Бельгияда аталған талапты бұзғаны үшін адамды қамауға алады. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай шаралар өте тиімді. Біздің заңға сәйкес аталған талапты бұзған адамға 5 АЕК есебінде айыппұл салынады», - деді қалалық ІІД әкімшілік полициясы басқармасы басшысының орынбасары Жандос Мұраталиев.

Соңғы жаңалықтар