Жол қауіпсіздігіне наразы қырғызстандықтар Facebook-тегі суреттерін жаппай ауыстырды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Жол көлік апттарының жиілеп кетуіне наразылық білдірген 1 мың 600-ге жуық қырғызстандық азамат Facebook әлеуметтік желісіндегі суреттерін ауыстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.    

Бастамашыл топ белсенділері «Қауіпсіз қала құруды талап етеміз» деген хабарламамен «фрейм» құрды. Әлеуметтік желідегі суреттерін өзгерткендер қатарында - танымал әнші Қайрат Прімбердиев, бизнесмен Эмиль Уметалиев, кинорежиссер Нұрбек Эген, заңгер Жомарт Жолдошевтер де бар,

«Қауіпсіз қала құруды талап етеміз» бастамасы  Бішкекте екі мектеп оқушысын көлік қағып кеткеннен кейін пайда болды.

Бастамашыл петиция 2 мың 500 қырғызстандықтың қолын жинап үлгерді. Осыдан кейін, белсенділер сарапшылармен бірлесіп жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жасады.

Қауіпсіздік кеңесі өкілдерінің айтуынша, ұсыныстардың көпшілігі мемлекеттік шаралар кешеніне енгізілмекші.  

Соңғы жаңалықтар