«Жол картасы» ауыл-аймаққа үлкен серпіліс әкелді

None
None
ОРАЛ. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Жол картасы» бағдарламасына сәйкес БҚО-ның Шыңғырлау ауданында да жоспарлы істер тындырылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімі Марат Тоқжановтың айтуынша, «Жол картасы» бойынша, ең бастысы, ауыл адамдарына жұмыс табылды. Айталық, жол жөндеуге 106 жұмыссыз тартылса, 120-ның орнына 131 әлеуметтік жұмыс орны ашылды. Жастар тәжірибесі аясында 26 жас маман түрлі мекемелерге жолданды. Аудандық халықты жұмыспен қамту бөліміне жұмыс іздеп келген 477 адамның 323-і еңбек орнын тапты. Биылғы екінші тоқсанның өзінде 199 азамат қоғамдық жұмысқа тартылды. Оған қоса жұмыс орындарын қысқартпау турасында - 15, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тұрғысында 19 меморандумға қол қойылды.

Жалпы, әлеуметтік сала ұдайы назарда.  Білім нысандарын күрделі жөндеуге 373 млн. 992 мың теңге бөлінді. Ал Қуағаш ауылында салынып жатқан жаңа мектептің құны - 201 млн. теңге. Мектептерді қыста жылыту үшін көмір сатып алуға 10,8 млн. жұмсалды. Аудандық аурухана 54,7 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізілуде. Сондай-ақ Жаңакүш селолық клубы мен Полтава мәдениет үйі күрделі жөнделуде.

Соңғы жаңалықтар