Жол халық үшін емес, жолшылар үшін жөнделетін сияқты - Үкімет басшысы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жол халық үшін емес, жолшылар үшін жөнделетін сияқты. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұтынушылар мен халық тарапынан жолдарымыздың сапасына қатысты көп сын туындап жатыр. Үнемі жөндеуді талап етеді. Үнемі апат болып, адамдар мерт болады. Тіпті, жөнделген жолдардың өздеріне кейістік бар. Жөндеу жұмыстары халық, адамдар үшін емес, жолшылардың өздері үшін жасалатын сияқты сезіледі. Бұл мәселені ерекше бақылауда ұстау қажет. Проблеманы тиімді шешуге мүмкіндік беретін кешенді іс-шаралар керек», - деді Әлихан Смайылов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Осы ретте ол Мемлекет басшысы 2030 жылға дейін 8 мың шақырым республикалық және 14 мың шақырым жергілікті жолдарды салу мен жаңғырту тапсырмасын жүктегендігін атап өтті.

«Бұл – қомақты көлем. Сондықтан, барлығын сапалы әрі мерзімінде орындау үшін барлық күш-жігерді салу қажет. Министрлікке «Жезқазған-Қарағанды», «Семей-Өскемен», «Атырау-Орал», «Ақтөбе-Ұлғайсын» жобаларын қаржыландыру тетіктерін айқындау керек. Сонымен қатар, осы жылдың соңында дейін «Қарағанды-Алматы», «Мерке-Бурылбайтал», «Ақтөбе-Атырау-Астрахань», «Алматы-Өскемен», «Өнеге-Бейсен», «Жалпақты-Казталовка», «Үшарал-Достық» нысандарын салу және жаңарту жобаларында қозғалыс қамтамасыз етілуі тиіс», - деді Премьер-Министр.


Соңғы жаңалықтар