+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Жол бойындағы дәретханалардың тазалығына кім жауапты болады

2019 жылғы 19 шілде 14:03
Бөлісіңіз:
Жол бойындағы дәретханалардың тазалығына кім жауапты болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жол бойындағы дәретханалардың тазалығына кім жауапты екені айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жол бойында таза әрі жайлы дәретханасы жоқ сервистер сүрілуі мүмкін

«QazAvtoJol» ұлттық компаниясының стратегиялық жоспарлау, бизнесті дамыту және ақпараттандыру департаментінің директоры Рустам Исаевтың айтуынша, республикалық маңыздағы жолдардың бойындағы дәретханаларды тазалаудың өз тәртібі бар.

«Республикалық жолдардың бойында 880 жабдықталмаған дәретхана бар. Оның 469-ы ешқандай дәмхана мен қонақйүге бекітілмеген. Мұндай дәретханаларды тазалау «QazAvtoJol» ЖШС-нің мердігер ұйымдарына жүктелген. Дәретханалар өзі орналасқан жолдың көлік ағынына байланысты аптасына бір реттен 5 ретке дейін тазаланып отыруы тиіс», - дейді ұлттық компания өкілі.

Рустам Исаев жол бойындағы дәретханалар туралы ақпарат беретін мобильдік қосымша дайындалып жатқанын айтады.

«Жол бойындағы сервис нүктелері туралы мобильді қосымша іске қосылатын болады. Ұялы телефонға жүктеу арқылы баратын жолыңыздың қай бөлігінде жабдықталған дәретхана бар екенін, ұлттық стандартқа сай қанша дәмхана бар екенін білуге болады. Осы қосымшаға жол бойындағы сервиске қатысты келеңсіздіктер мен сын-ескертулерді де қалдыруға болады. Бұл ақпараттар жинақталып, одан нәтиже шығарылатын болады», - дейді ол.

Айта кетсек, аталған брифингте жол бойында таза әрі жайлы дәретханасы жоқ сервистер сүрілуі мүмкін екені хабарланды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT