+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Жол бойында емін-еркін жайылатын мал иелеріне жауапкершілікті күшейту қажет - сарапшы

2020 жылғы 29 қазан 21:10
Бөлісіңіз:
Жол бойында емін-еркін жайылатын мал иелеріне жауапкершілікті күшейту қажет - сарапшы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы 5 жылда елімізде жол бойында малды басып кеткен 643 оқиға тіркелді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне қарасты «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК бас директоры Замир Сағынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада мас жүргізуші автобусты соқты Үлкен Алматы каналына жеңіл көлік құлап кетті

«Тағы бір көкейтесті мәселеге назарларыңызды аударғым келіп отыр. Ол – малды басып кету дерегі бойынша орын алатын жол-көлік оқиғалары. Бұндай жағдайлар көбіне иелерінің қараусыз қалдырылған үй жануарларының қатысуымен орын алады. Соңғы 5 жылда малды басып кеткен 643 оқиға тіркелген. Мұндай жағдайларда, жүргізушілер материалдық шығын шегіп қана қоймай, ауыр жарақаттанып, тіпті қаза болып жатады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихаты барысында.

Орталық бас директорының мәліметінше, тек өткен жылдың өзінде республикалық трассаларда осындай 104 жол-көлік оқиғасы орын алып, 140 адам жарақаттанса, 36 адам қайтыс болған.

«Үй жануарларын жолдар бойында еркін жаюды болдырмау үшін меніңше, мал иелерінің жауапкершілігін қатайту қажет. Сондай-ақ үй жануарлары иелерін жауапкершілікке тарту мәселесін заңдық негізде нақты тетіктермен бекіту керек деп санаймын», - деді Замир Сағынов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT