Жол апатында көз жұмған қостанайлық кәсіби байкер болған

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдағы жол-көлік оқиғасы кезінде қаза тапқан 32 жастағы жігіт кәсіби мотоклубтың мүшесі болған.

Қала орталығында болған ірі жол апатында көз жұмған Евгений Пасечник «Steppe Riders» мотоклубына былтыр келген. Айта кетейік, 2008 жылы құрылған мотоклуб сапында елімізге танымал байкерлер бар. Солардың бірі, мотошабандоз Александр Шереметтің айтуынша, 32 жастағы Евгений Пасечник жанармай бекетінде жұмыс істеген.
null 

«Ол мотоциклге мінгенде шлемін тастамайтын. Апат болған күні қызымен кездесуге бара жатыпты. Евгений менің жақын достарымның бірі. Ол қарапайым, мінезге бай жігіт еді. Біздің мотоклуб тәжірибелі шабандоздан айырылып қалды», - деді А.Шеремет. 

Еске салайық, кеше түнде Абай-Павлов көшелерінің қиылысында болған жол көлік апатында екі көлік соқтығысып, бірі мотоциклшіні қағып кеткен. Байкер оқиға орнында қаза тапты. Ал қалған көлік жүргізушілері ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
null null 

«26 жастағы жігіттің жағдайы қиын. Түнде ота жасадық. Қазір жансақтау бөліміне көшірілді. Емдеу-диагностикалық шаралары кезінде аяқ-қол, іш қуысы, іштің тұйық жарақаты, бас сүйектің сынуы анықталды, жалпы әр түрлі органдары зардап шеккен»,- деді қалалық аурухананың бас дәрігері Самат Шүменбаев.

Соңғы жаңалықтар