+7 (701) 759 90 19
USD 377.29 EUR 418.41
RUB 6.09 CNY 54.66
Jańalyqtar

Жол апатында адам өлімін қалай азайтуға болады – Оңтүстік Корея тәжірибесі

2019 жылғы 10 желтоқсан 12:30
Бөлісіңіз:
Жол апатында адам өлімін қалай азайтуға болады – Оңтүстік Корея тәжірибесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық жол жөндеуге жауапты мамандар жол-көлік оқиғасы кезінде адам өлімінің алдын алу бойынша Корея тәжірибесімен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада 11 адам  қаза тапқан автобус апатына кінәлілер анықталды Атырау маңында жол апатынан үш адам қаза тапты Маңғыстау облысында үш автокөлік соқтығысып қалды

«Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры Замир Сағынов Оңтүстік Кореяда болып, жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындаы Корея тәжірибесімен танысып қайтты.

«Бұл мемлекет осы салаға үлкен көңіл бөледі екен. Соның нәтижесінде жол-көлік оқиғасы кезінде мерт болатындар саны азайып келеді. Мысалы, 1991 жылы жол-көлік оқиғасынан ең көп адам– 13 429 адам қаза тапқан болса, 2004 жылы бұл көрсеткіш екі есе азайған - 6563, ал 2018 жылы – 3781 адамды құраған. Қаза тапқандар саны 100 мың тұрғынға шаққанда 7 адамнан келеді. Қазақстанда да бұл көрсеткіш азайып келеді, 2018 жылдың қорытындысы бойынша – 100 мың адамға 11,5 өлім болды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінде 5,5», - деді Замир Сағынов ҚазАқпарат тілшісіне.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда жол-көлік оқиғасы кезіндегі құрбандар мәселесі әлемде ең өзекті проблемалардың бірі болып отыр. Статистика бойынша, жылына 1 млн 350 мың адам жол апатынан қаза табуда.

«Жалпы бес жастан 29 жасқа дейінгі адамдардың қаза табуның негізгі себебі - жол-көлік оқиғасы. Дүниежүзілік банк қазір негізгі стратегиялық бағыт ретінде жол-көлік оқиғасымен күресті таңдап отыр және осы бағытта жұмыс істейтін болады», - деді Замир Сағынов

Сарапшының айтуынша, жалпы біздің елдер арасында жолдардың айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Олар да бетон және асфальт-бетон жолдарды салады, қиыршық тастарды қолданады екен. Жол деңгейі біздегідей, жолдың ені де бірдей.

«Оңтүстік Корея билігі қалаларда қауіпті аймақтарды көрсету үшін жол жабынына түрлі бояғыштар мен қоспалар қосады. Мысалы, қызыл түс жылдамдықты азайтуды білдірсе, сары түс – ескертеді. Қауіпсіздік мақсатында жолдарда қисық сызықты брус кеңінен қолданылады. Корея тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көліктер жылдамдықты 10%-ға төмендетсе, қаза тапқандар саны 50% азаяды. Бізде жылдамдық режимі өте жоғары, Кореяда тасжолдардағы ең жоғары жылдамдық сағатына 100 шақырым. Елді мекендерде сағатына 60 шақырым болса, мектептердің маңында 30 км/сағат», - деді Замир Сағынов.

Автор: Серік Сабеков

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT