+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Жол апатынан мерт болған полицейлердің отбасына 11 млн теңгеден беріледі

2020 жылғы 16 қазан 10:56
Бөлісіңіз:
Жол апатынан мерт болған полицейлердің отбасына 11 млн теңгеден беріледі

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жол апатынан мерт болған полиция қызметкерлерінің әрқайсының отбасына 11 миллион теңге көлемінде көмек беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда жүк көлігіне соғылған Toyota Camry жүргізушісі көз жұмды Павлодар облысында көлік жолға шығып кеткен жылқыға соғылды Көкшетауда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

Қазіргі кезде екі полиция қызметкерінің өліміне әкеп соқтырған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Аталмыш санкция бойынша күдікті 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Сондай-ақ облыстық полиция департаменті қызметтік міндетін орындау барысында қаза болған полицейлердің отбасына 11 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Еске сала кетейік, кеше, 15 қазанда Щучье қаласында екі полицей жол апатынан қаза тапты. Lexus NX20 машинасы қызмет бабында жүрген учаскелік полицейлердің Lada-21214 көлігін үлкен жылдамдықпен келіп соққан.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мерт болған полицейлердің отбасына көңіл айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT