Жол апатынан мерт болған ерлі-зайыптының ұлы 4 жылдан соң дүниеге келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда жол апатынан қаза тапқан ерлі-зайыптының ұлы 4 жылдан соң туды. Бұл жайлы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап ВВС хабарлайды.

2013 жылы жасанды ұрықтандыру жолымен бала табуға үміт артқан ерлі-зайыпты бірнеше эмбрионын мұздатып қояды. Алайда көп өтпей олар жантүршігерлік жол апатына ұшырап, қаза табады.

Жол апатынан кейін ерлі-зайыптының ата-аналары соттан эмбриондарды пайдалану құқығын алуға көп уақыт жұмсауына тура келді. Ұзаққа созылған талқылаулардан соң сот эмбриондарды пайдалану құқығын құда-құдағиларға - төрт адамға берді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарына қарағанда, бұған дейін ата-аналар өз балаларының эмбриондарын мұра етіп алған жағдай болмаған.

Қытайда тыйым салынғандықтан, ата-әжелер суррогат ананы заң рұқсат беретін басқа елден - Лаостан іздеп тапты. Бала суррогат ана Қытайға саяхаттағанда дүниеге келді, оған Тяньтянь деген есім қойылды. 

Соңғы жаңалықтар