+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

Жол апатынан қазақтың ақын қызы қаза тапты

2016 жылғы 11 қараша 12:33
Бөлісіңіз:
Жол апатынан қазақтың ақын қызы қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екібастұз-Павлодар тас жолының бойында 41 жастағы адам жүргізіп келе жатқан Lada Priora маркалы көлік рульде 31 жастағы жігіт отырған Shacman маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Апатта төрт адам қаза тауып, тағы бірі жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің ақпаратына сүйенсек, жол апаты облыстағы Төртқұдық елді мекенінің маңында орын алған. Соққының қатты болғаны соншалық, Lada Priora көлігінің ішіндегі үш адам оқиға орнында тіл тартпастан қаза тапқан. Ал, сол көлікте отырған 30 жастағы жолаушы әйел мен 41 жастағы азаматты жедел жәрдем шұғыл түрде ауруханаға әкеткен. Алайда, ауруханаға жете сала 30 жастағы әйел де қаза табады.

Ең өкініштісі, осы жол апаты қазақтың жас ақын қызы, әнші, сазгер- Алмагүл Жүгінісованың да өмірін қиып кетті. Ақындар мен әншілер, өңірдің мәдени қайраткерлері, марқұмның дос-жарандары мен шәкірттері әлеуметтік желіде Алмагүл Жүгінісованы еске алып, қайғыруда.

Алмагүл Жүгінісова 1982 жылы Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданы, Аралтоғай ауылында туған. Екібастұз қаласындағы №25 қазақ қыздар гимназиясын (1999 ж.), С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі мамандығы бойынша бітірген (2004 ж.). Екібастұз қаласындағы «Атамұра» мәдениет орталығында 2005 жылдан бері көркемдік жетекші болып қызмет істеді. «Жас толқын» жас ақындар клубының жетекшісі, тәлімгер ұстаз ретінде шығармашыл жастарды өнерге баулып, тәрбиелеуге зор еңбек сіңірді. Ақынның «Алма гүлдегенде» жыр жинағы жарық көрген (2015 ж.).

Алмагүл Бауыржанқызы - Халықаралық, республикалық, облыстық айтыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы, жүлдегері, Павлодар облысы әкімінің гранты (2010 ж.), «Жігер» жастар сыйлығы (2010 ж.), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» мерекелік медалы (2011 ж.), Екібастұз қаласы әкімінің құрмет грамотасы (2013), Түркітілдес халықтардың дүниежүзілік ІІ фестивалі /Түркия, Ерзурум/ (2009 ж.), Түркітілдес халықтардың ХХІ ғасыр ақындары мейрамы /Түркия, Анкара/ (2012 ж.), «Ұлы Жібек жолы ақындарының поэзия кештері» Х фестивалі /Түркия/ (2013 ж.) алғыс хаттарымен марапатталған.

Марқұмның соңында зейнеткер анасы және кәмелет жасына жетпеген Мәдина мен Інжу атты екі бүлдіршіні қалған.

Қазір жол полициясы осы оқиғаға қатысты сот алды тергеу бастап, бірқатар сараптамалар тағайындады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT