Жол апатынан аяғынан айырылған келіншек қазақстандықтарға алғысын білдірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жол апаты салдарынан аяғынан айырылған алматылық Екатерина Парафиева қиын сәтте қолдау білдірген отандастарына алғысын білдірді. Оның сөздерін Facebook арқылы Ольга Агапова жеткізді,  деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ең қиын минуттарда айналадағы адамдардың қолдауы маған зор күш-қуат берді. Менің алдымда үлкен жол жатыр. Бірақ, маңайымда мейірімді адамдар толып тұрғанда, барлық қиындықтарды жеңетініме сенімдімін. Қиын сәтте қол ұшын соза білген әрқайсыңызбен жеке танысып, мейірімділіктеріңіз үшін алғыс білдіргім келеді. Біраз уақыт өткеннен кейін мұндай мүмкіндіктің туатынына сенемін. Тағы да көп рахмет!», - дейді зардап шеккен бойжеткен.

Еске салайық, жол апаты   Әл-Фараби даңғылында 16 маусым күні болды. Honda CRV тізгіндеген қыздар ашық люкке кіріп кетіп, көлік дөңгелегін жарып алған. Келіншектер жол шетіне тоқтап, көліктерін қарауға шығады. Сол кезде Honda CRV-ның артынан келе жатқан Toyota Camry онымен соқтығысудан қашып, бірден ортаңғы жолаққа бұрады. Ол жерде автобуспен түйісіп, Toyota Camry соққымен Honda CRV-ны артынан ұрады. Салдарынан келіншектер екі көліктің ортасында қысылып қалған.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, Екатерина Парафиеваның аяғына ампутация жасау ұйғарыл ған.

Екінші қыз №7 қалалық ауруханананың неврология бөліміне жатқызылды .

 

Соңғы жаңалықтар