Жол апатынан 3 қазақстандық балуан көз жұмды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда болған жол апатынан еркін күрес балуандары көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еркiн күрес шеберлері - Жақсыбек Карабалаев, Iльяс Жұмай, Жанбота Байбазар Алматы-Тараз тасжолында болған жол апатында қаза болды.

Қайғылы хабар ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының Instagram- дағы ресми аккаунтында жарияланды.

«Қаралы хабар қабырғамызды кайыстырды... Бейбіт заманда жас, болашағынан үміт күттіретiн балуандарымыздан айырылып қаламыз деп кiм ойлаған... Балуандарымыздың мезгілсiз дүниеден өтуiне байланысты еліміздiң барша күрес жанкүйерлерiне, марқұм болған балалардың отбасына, туған-туыстарына, жора-жолдастарына қайғырып көңіл айтамыз. Жандарыңыз жаннатта болсын!!!», - деді ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясынан.

Нақтырақ айтсақ, күнi кеше бір топ (бес жігіт) еркін күрес балуандары жол апатына түсiп, Жақсыбек Карабалаев пен Жанбота Байбазар оқиға үстінде көз жұмды. Ал ауыр халде ауруханаға түскен Ілияс Жұмай бүгін қайтыс болды деген тағы бiр суық хабар жетті.

Зауытбек Нұрдәулет пен Шыңғысхан Мұхаметқалиев жансақтау бөлімінде жатыр.

«Өкінішке орай, бұл рас ақпарат. Жол апаты кеше болды. Машина тасжолдан шығып кеткен. Екі спортшы сол жерде көз жұмды. Үшіншісі ауруханада қайтыс болды. Тағы екі балуан жансақтау бөлімінде жатыр. Олар карантинде Алматыда болған. Алматыдан үйлеріне қайтып бара жатқан», - деді Ұлттық құрама бапкері Аслан Байғұлов.


Соңғы жаңалықтар