Жол апатына ұшыраған 4 жасар сәби: Куәгерлер іздестіріліп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы 4 жастағы бала жарақат алған жол апатының куәгерлерін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалалық ІІД 16 шілде күні сағат 09:10-те Одесская-Брянская көшесінде болған жол апатын көзімен көрген  куәгерлер болса 7 701 888 4882 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды»,- деді баспасөз қызметінен.

Айта кету керек,  жантүршігерлік оқиға кеше шығыс айналма жолына жақын Брянская көшесінде болған. 4 жастағы баланы көлік қағып, ағаш түбіне қалдырып кеткен.

Ата-анасы бірнеше минут өткен соң ғана баланы жүздеген метр қашықтан тауып алған. Алматы полициясы баланы соққандарды іздестіріп жатыр.

Қазір бұл іспен Медеу аудандық ІІБ жанындағы полиция бөлімі айналысып жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы өте қиын. Самай сүйегі ішіне кіріп кеткен. Соның салдарынан баланың миы ісіп тұр. 

Соңғы жаңалықтар