Жол апатына түскен көліктен ақша шашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ойын автоматтарын толтыру үшін ақша тасымалдап келе жатқан көлік жол апатына түсіп, әртүрлі номиналдағы купюралар трассаның үстіне шашылды. Оқиға АҚШ-тың Иллинойс штатында болды, деп хабарлайды Белта ақпарат агенттіктеріне сілтеме жасап.

Жан-жаққа ұшқан 5, 10 және 20 долларлық купюраларды жинап алу үшін полиция қызметкерлеріне жолды жабуға тура келген.

Құқық қорғаушылар кейіннен анықтағандай, жол апатына жүргізуші кінәлі, ол рульге ие бола алмай қалып, бағанға соғылған. Оның артынша, өзге көлік қоршауға соғылған. Оқиға салдарынан айтарлықтай зардап шеккендер жоқ. Ақшаны жинап алуға 60 минут уақыт кетті. Машинада бастапқыда қанша ақша болғаны және қаншасын желмен ұшырып әкеткені хабарланған жоқ.


Соңғы жаңалықтар