Жол апатына себепкер болған сиырдың иесі 2,3 млн. теңге төлейді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Лебяжі аудандық сотына азамат Т. келіп, азамат С-дан жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық шығынды өтеу өтінішін жазды.

Сот отырысында арызданушы «Омбы-Майқапшағай» күре жолында жолдың көлік жүретін бөлігіне аяқ астынан шыға келген сиырды басып кеткенін, соның салдарынан оның «Тойота Королла» маркалы көлігі бүлінгенін түсіндірді. Арыз беруші сиыр иесіне материалдық шығын, өкілдіктік мақсаттарға жұмсалған ақша және сот шығындарын төлетуді сұрады.

Жауап беруші сот отырысына келген жоқ. Сот қолында оның келмеуіне дәлелді себептері туралы мәліметтер болмағандықтан істі оның қатысуынсыз қарастыруды мүмкін деп таныды.

Сот шешімі бойынша, азамат Т-ның сиырдың иесіне шығынды өтеу туралы арыз талаптары толық көлемде қанағаттандырылды. Жауап берушіден жалпы сомасы 2 391 153 теңге көлемінде материалдық шығын, өкілдіктік мақсаттарға жұмсалған ақша және сот шығындары алынды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар